Дөңгелек үстел «Қазақстан: болашақ үшін өткені туралы»

16 ақпанда № 8 кітапхана – филиалында  «Қазақстан: болашақ үшін өткені туралы» дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелді өткізуге № 10 мектеп-гимназиясының 8 «Б» сынып оқушылары: Денега Олеся, Безуглова Дарья, Кузьмин Кирилл, Федькин Данил, Сарсенбаев Жан.

Дөңгелек үстел барысында, іс-шара қатысушылары Қазақстан тарихы бойынша өз білімдерімен бөлісіп, көпұлтты мемлекеттің қалыптасуының негізгі кезеңдерін белгіледі. Қазақ Хандығының қалыптасуы, Алаш-Орда партиясының құрылу тарихы сияқты тақырыптар қаралды, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы талқыланды. Оқушылар ел халқының бірлігін сақтау мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту, түрлі этникалық топтар өкілдерінің мәдени құндылықтарын құрметтеудің маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ, 2022 жылғы қаңтарда Қазақстанда болған соңғы оқиғалар туралы мәселе қозғалды. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар қазақстандықтардың алдында тұрған қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі міндеттің маңыздылығын атап өтіп, оның ережелерін елдің дамуы үшін іске асырудың өзектілігін атап өтті.

Жасөспірімдер мен қыздар аса белсенділік көрсетті және баяндамашыларға өздерін қызықтыратын және толғандыратын сұрақтарды қойды.

         23 адам қатысты. іс-шараны Н.А.Поторочина өткізді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика