Достық сапар

17 наурызда № 13 кітапхана-филиалында кітапхана қызметкерлері мен «№ 2
Рудный арнайы қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушыларының
жоспарланбаған кездесуі өтті.

Достық кездесудің ұйымдастырушылары әлеуметтік сала мамандары,
психолог Н. Б.Батырханова және еңбек терапиясы бойынша мамандар Г. Т.
Жолаева және К. Т. Әлімғазинова болды, олар интернаттың қызмет
алушыларымен бірге кітапхана қызметкерлерін келе жатқан Наурыз
мерекесімен құттықтап, қамқорлыққа алынғандардың қолдарымен жасалған
естелік сыйлықтарын табыс етті.
Кітапхана қызметкерлері үшін ынтымақтастық пен игі істерге қосқан зор
үлесі үшін № 2 арнайы қызмет көрсету орталығының алғыс хаты тосын сый
болды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика