Шығармашылық кездесу «Ақынын ұлықтаған ел бақытты»

2022 жылғы 15 наурызда «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасының аясында жазушы, драматург, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, филоголия ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, жерлесіміз, қазақтың белгілі ақыны Ақылбек Қожаұлы Шаяхметпен «Ақынын ұлықтаған ел бақытты» атты шығармашылық кездесу өткізді.

Құрметті қонаққа Рудный қаласы әкімнің орынбасары Азамат Ысқақов; сондай-ақ, Ардагерлер кеңесінің және «Кездесу» клубының мүшелері ақындар Сүндет Молдашев және Ғабдолла Ахметжанов; Қостанай облыстық және Рудный қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі мемлекеттік қызмет ардагері Жақсылық Кәкенов; «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ директоры Лариса Александренко жылы лебіздерін білдірді.

Сөз кезегін алған танымал қазақстандық мүсінші-суретші, рудныйлық Серікжан Ищанов – қаламыздың көрікті жерлерінің біріне айналған № 8 кітапхана-филиалының алдына қойылған ерекше орындықтарды жасаушы. Солардың бірінде Ақылбек Қожаұлы Шаяхметтің келісімімен оның өлеңдерінен жыр жолдары жазылған.

Көпшілікпен және кездесу жүргізушісі Гүлбараш Уалиевамен әңгімелескен жазушы өзінің балалық шағы мен жастық шағы туралы естеліктерімен, шығармашылық өмірбаянының қызықты фактілерімен, әлемдегі қазіргі жағдайға деген көзқарасымен бөлісіп, қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқыды.

Ақылбек ағаның өлеңдерін біздің жасөспірім жеткіншектер сүйіп оқиды. Оның кейбір үздік өлең жолдарын № 19 қазақ орта мектебінің оқушылары оқыды.

«Жадыра» қазақ әндері ансамблінің жеке әншісі Шәмшия Қайыркенованың А. Шаяхметтің өлеңдеріне жазылған әні және Жасұлан Өтемұратов пен Айбике Таңатарова дуэтының орындауындағы әндер музыкалық сый болды.

Кездесуге Рудный қаласының ақындары, Рудный қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелері, кітапханашылар, мектеп оқушылары, колледж студенттері, оқытушылар, БАҚ журналистері қатысты. Ауқымды кітап көрмесі ұйымдастырылды.Әрбір тілек білдіруші естелік суретке түсіп, белгілі жазушының қолтаңбасын алу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу Жастар ресурстық орталығының залында жылы достық жағдайда өтті!

Светлана Городничая, «Рудныйдың ОКЖ» ММ                                       әдістемелік-библиографиялық бөлім меңгерушісі

Leave a Reply

Яндекс.Метрика