Халық дәстүрлері сағаты «Күн мерекесі, Наурыз!»

15 наурызда Рудныйдың ОКЖ № 6 кітапхана-филиалының қызметкерлері № 3
Рудный арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды.

Наурыз дәстүрлері бізге ғасырлар қойнауынан келді, олар ұрпақтан-ұрпаққа
беріліп, бүгінгі күні де өзінің негізгі мазмұнын сақтап қалды.

Көрермендер жүргізушінің осы мерекенің шығу тарихы туралы әңгімесін
қызығушылықпен тыңдады.Әңгіме электронды таныстырумен сүйемелденді, оған
Наурыз туралы деректі фильмдердің үзінділері, музыкалық бейнеклиптер енгізілді.
Жас қазақстандық музыканттардың орындауында Құрманғазының «Адай» күйі,
«Наурыз» әні шырқалды.
Тыңдаушылар көктемгі жұмбақтарды шешу бойынша жарысқа қуана қатысты,
достық туралы мақал-мәтелдерді еске алды, мерекелік викторина сұрақтарына жауап
берді.
Іс-шара соңында қазақтың қонақжайлылық «Шашу» салты бойынша мерекенің
барлық қатысушыларына тәттілер мен бауырсақтар таратылды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика