Кітапханалардағы авторлық құқық және бүкіләлемдік кітап күні

«Авторлық құқық және бүкіләлемдік кітап күні»  БҰҰ Резолюциясының 23 сәуірдегі  бекітуінің  арқасында пайда болды.

Бұл күнді ақындар және жазушылар, кітапханашылар мен баспаханашылар, редакторлар, мұғалімдер сонымен қатар кітапқа қатысы бар барша қауым өздерінің мерекесіне айналдырып алған. Кітаптар бізге  техникалық жетістіктер мен өзге де ақпарат көздерінің толассыз дамуына қарамастан бүгін де қажет.

Әлем елдері бұл күнде дәстүрге сай, әртүрлі кітап жәрмеңкелері мен  көрмелерін ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Тіпті бір-біріне кітап сыйлау жоралғысы да бар. Кітапханаларда түрлі іс-шаралар  ұйымдастырылады.

Ерекше көрме – «фотосушка», «Менің сүйікті кітабыммен портретім» № 8 кітапхана филиалында ұйымдастырылды.

Оқырмандар мен кітапханашылар өздерінің сүйікті кітаптарымен суретке түсіп, қазіргі күнде барша оқырмандарды өз сүйікті кітабымен күлімдей түскен фотоларымен қуандырып жүр.

№ 8 кітапхана филиалында 20 сәуір күні №10 мектеп – гимназиясының 3 сынып оқушыларымен оқу бойынша «Оқи білген қандай жақсы!» чемпионаты өткізілді.

Чемпионатты өткізу барысында балалар келесі номинацияларда бақ сынасты: «Оқу техникасы», «Оқу мәнері», «Оқылғанды ұғыну».

Барлық басқыштар бойынша көш бастаған Карасатова Арина таза мәнерлеп оқып, түсінігін айтып, 1 минутта 189 сөз оқыды.

Екінші және үшінші орындарды Стародубцев Роман және  Неведомская Анна сәйкесінше иемденді.

Чемпионат жеңімпаздарына мақтау қағазадары және кітаптар табыс етіліп, барлық қатысушыларға – тәтті сыйлықтар таратылды!

Балалар чемпионатты дәстүрлі түрде және жыл сайын өткізіп тұруды өтінді.

 

 «Біздің оқырмандарымыздың әдеби көзқарасы» кітаптар мерекесі Қашар кентіндегі № 11 кітапхана филиалында 23 сәуір күні өткізіліп,  кітапхананың белсенді оқырмандары қонаққа шақырылды.

Бұл күні кітапхананың ең сенімді де адал оқырмандары бой көрсетті. Оларға әртүрлі номинациялармен дипломдар табыс етілді: Воробьёва Наталья Васильевнаға «Читатель-эрудит» номинациясы, Гончаров Владимир Александровичке«Отан тарихын құрметтеуші», Бабенко Виктор Семёновичқа «Оқырман – зерттеуші».

 Оқулық жанрлары бойынша: Пискунова В. Н.- «Ғашықтық романдарының бикеші», Хоталенког Е. И. және Астапенко В. М. – «Детектив құпиялары».         «Көпқырлы оқырман» атағы Коробова Т. А., Шпилькова Л. К., Истомина Н.А. тиесілі болды.

 «Оқу көшбасшысы» атағымен Мартыненко Г. В. және Киселева Л. В., ал ең белсенді және құштар оқырмандар Лир Л.Н., Панова В. Я. және Овчинникова Р. Г. болып табылды.

Ең оқымысты жанұялар Трефиловтер және Журавлёвтар-Якубенколар, «Отбасылық  дуэт» ерлі зайыпты Чиняевтар атанды

Үлкен құрметпен «Кітапхананың жомарт кітап сыйлаушылары» атағы Косачёва Антонина Яковлевнаға, Мергалиева Клара Макашевнаға, Гришина Валентина Даниловнаға, Трефилова Зинаида Ивановнаға, Бадьина  Людмила  Николаевнаға табыс етілді.

«Ең мақсатты оқырман» 9 сынып оқушысы, жас ұрпақ өкілі Игнатович Елизаветаға тиді.

Кездесуде бағдарламалық оқу, өлкетану жобасы, кітапханаларда жұмыс істеп жатқан буккросинг – «Оқырмандық көзқарас» клубы, «Бір ел – бір кітап акциясы жайында сөз болды». Оқырмандар арасында өздері оқыған кітаптар жайлы пікірталас туындап, әркім оқыған кітаптарынан алған әсерлері жайында бөлісіп және қызықты шығармаларды оқуды бір біріне  ұсынды.

Осы күнге арнайы ұйымдастырылған ашық «кітапты төңкеріліс»,  оқырмандарға кез келген талғамға сай келетін  көркем-әдеби шығармалардың  жаңалықтарын  ұсынды.

Мультимедиялық таныстырылым өткізіліп, кітап жаратылысы туралы тарихтың бейнеролигі тамашаланды.

Кітап мерекесін фотосессия аяқтап, белсенділерге жоғары сұраныстағы  жүзден  аса  кітаптар  табыс  етілді.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика