Өлкетанулық танысу «Менің өлкем ойлы да нәзік»

(халық жазушысы,ақын С.Мәуленовтың туғанына  95 жыл.,                                                                                                                             ақын, тарихшы – өлкетанушы Черныш П. 80 жылдығы)

Қостанай облысының  мәдени тарихында дарынды  жаратылғандар, керемет сөз  шеберлері, әдебиеттің  дамуына  зор  үлесін қосқандар көп. Солардың арасында шоқтығы биік екі тұлға  – Сырбай Мауленов және Петр Черныш.

Біздің жерлестеріміздің  шығармашылығы  және өмірбаянымен танысу ОҚК  оқу залында  РПТК  студенттері  үшін   14 қарашада  өткізілді.

Бұл іс-шара  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында  дайындалған. Оған кіретін  «Туған жер» арнайы жобасы  күрделі өлкетанулық жұмыс атқарып, аймақтың тарихы мен әдебиетін үйретеді.

Іс-шара екі тілде жүргізілді.

Жүргізушілердің  әңгімелері  Ғаламтор желісінен алынған  бейне және фото материалдардың  көрсетілімінің  тұсаукесерімен  сүйемелденді. Автор шығармаларынан  үзінділер мен С.Мәуленовтың сөзіне жазылған әндер  тыңдалып,П.Черныш пен С.Мәуленовтың  өлеңдерін  студенттер  жатқа оқыды.

Ақындардың  өмірі мен шығармашылығы жайында  тереңірек  білгісі келетіндерге  материалдарға  кеңінен байытылған  ақпараттық – тақырыптық  сөре ұсынылды.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика