Ашық микрофон

Ашық микрофон «Бір ел – бір тағдыр»

(Бүкіләлемдік  толеранттылық күніне)

 «Руханижаңғыру» бағдарламасын ұсыну аясында  10 қараша күні   № 6 кітапхана филиалында   «Бір ел – бір тағдыр» ашық микрофоны  өткізілді.

Аталған  іс-шара мақсаты жасөспірімдерді  «толеранттылық» сөзінің  мағынасымен таныстыру, толеранттылықтың негізгі  белгілерін  анықтау, толеранттылық  мінез құлықтың дұрыс қабылдануын  қалыптастыру,бір-біріне,барлық халықтың салт-дәстүрлеріне  деген деген құрмет сезімдерін нығайту, интернационализмді қалыптастырып, өзара қарым қатынастың коммуникативті  мәдениетіне тәрбиелеу.

Іс – шараға №18 мектептің 11 сынып оқушылары, рудный қалалық мешітінің имамы – Саян Айтжанұлы Қосжаң, рудный қалалық храмының өкілі – Виталий әкей, сонымен қатар  Рудный қаласының БАҚ өкілдері қатысты.

«Патриоттық», «азаматтық», «толеранттылық» ұғымдары бүгінгі тұрмыста  үлкен орын алады, өйткені жасөспірім өзі қатарлас  басқа ұлт  өкіліне құрметпен қарауы тиіс. Көмек қажет болған жағдайда қолын созып, тең  құқықты толыққанды  қатынас жасауы,оның туындаған  мәселелеріне  назар сала отыру – адами  құндылықтың табиғатпен етене  жақын ең басты қасиеттерінің бірі. Дәл осы сұрақтар ашық микрофоннан жасөспірімдер мен қонақтар арасында  қызу талқыға салынды.

Кеш соңында қатысушылар толеранттылық дегеніміз – ұлттық рухани құндылықтарға  жетелейтін, адами білім мен мәдениетті көрсететін, адамның әлемге деген көзқарасын, патриоттықты қалыптастыратын ең маңызды  тәрбие – деген тоқтамға  келді.

Іс – шараны аталған тақырып бойынша бейнематериалдар мен слайдтар сүйемелдеді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика