2017 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев қоғамға өзінің модернизацияның бағытын және жалпыұлттық жобаларды анықтайтын, қоғамдық дамудың үлгісін қалыптастыратын «Рухани жаңғыру» модернизациялық бағдарламасын ұсынды.
Мақала бағдарламасына арнайы жобалардың қатары енгізілген: мемлекеттік тілдің латын графикасына өтуі, «қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Қазақстанның сакралды географиясы», «Глобальді әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет».
Орталық қалалық кітапханада «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасы аясында Қостанай облысының сакралды мекендеріне арналған мақалалар циклін дайындады. Мақалалар сайтқа ай сайын шығып тұрады.
Әрбір халықтың, әрбір цивилизацияның өз өкілдерін айғақтап тұратын, ұлт бейнесін көрсететін өз сыйынатын жерлері болады.Сакралды нысандар – бұл табиғи және мәдени мұраның ерекше белгіленетін нысандары, мәдени сәулеттер, мавзолеилер,тарихи және Қазақстан халқының жадынан шықпайтын саяси оқиғаларға байланысты және ұлттық ынтымақ пен шабыттың белгісі ретіндегі орындар.
Қостанай облысында 30 ға жуық қасиетті мекендер бар, және солардың бірнешеуімен сіздерді таныстырып өткіміз келеді.
«Адамилық әлемде тұлғалық ұлылықтың екі санаты бар – халқымен танымал болған және өз атымен халқын танымал еткен» – деп біздің жерлесіміз, халық жазушысы Ғафу Қайырбеков айтқан.
Біздің қазақ халқы өзінің ұлы ұлдары : Шоқан, Ыбырай және Абай есімдерімен танымал. Ыбырай Алтынсариннің тарихи ерлігі мәңгі сақталады – ол білімге ашқан жол, бұл оның «Кел, балалар, оқылық!» деп өз халқын қалың ұйқыдан оятқан қоңырауы. Бұл қоңырау тек ұйқыдан оятып қана қойған жоқ, сонымен қатар орыс пен қазақ – екі халықтың бірлігі, жақындығы, достығына шақырды.
Қостанай ауданында Мичуринск ауылынан жарты шақырым жерде қазақтың ұлағатты ұстазы, ағартушы, этнограф, жазушы, Торғай облыстық халық мектептерінің инспекторы, Қостанай қаласындағы орыс-қазақ училищесінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің мавзолейі бар (1841–1889жж) .
Қазақтың ұлы оқымыстысы 1889 жылы өмірден өтіп, көзінің тірісінде ақ «испекторский» атанған жерде, өзеннің жағасына жерленді.
1947 жылы 10 қыркүйекте Қостанай қалалық депутаттар кеңесінің атқарушы комитеті «Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің жерленген жері сақталсын» деген шешім қабылдады.
1961 жылы ұлы ұстаздың 120 жылдығына оның жерленген жеріне гранитті тас орнатылды.
1991 жылы Қазақстанда ағартушының 150 жылдығы кеңінен тойланып, гранитті тасты айнала мавзолей орнатты, оның авторы – Хаджимурат Кучиков.
Мавзолей аймағында Алтынсарин ашқан мекетптің тұңғыш соғылған екі қоңырауы қойылған.
2017 жылы Ы.Алтынсариннің мавзолейі қайта өңделіп, 22 шілде күні оның салтанатты ашылуы болды. Мавзолейдің жаңартылуы халық сұранысынан туындаған еді – ұсыныс Қостанай ауданы Мичуринск ауылы тұрғындарының жиналысында жасалды.
Енді Ыбырай Алтынсариннің мавзолейі – «Қазақстанның сакралды картасы» енгізілген нағыз заманауи сәулетті ескерткіш. Қазақтың ұлы ағартушысының мавзолейі тек біздің ауданның ғана емес, сонымен қатар бүкіл қазақ елінің мақтанышына айналды.