Кітапханадағы дөңгелек үстел «Еркіндік: жауапкершілік немесе барлығы мүмкін»

 

         16 ақпан күні Рудныйдың ОКЖ № 8 кітапхана филиалында  №10 мектеп гимназиясының 8-сынып оқушыларына арналып ел конституциясын құрметтеп және оған мойынсұнып, заңға бағыну, өз құқығы мен еркіндігін талап ету қажеттігін, негізгі мөлшерлерін  сіңіру, бала құқығына қатысты, алынған білімді белгілі бір түрде қабылдау және қалыптастыру    керек екендігін дәріптеу мақсатында  «Еркіндік: жауапкершілік және барлығы мүмкін» дөңгелек үстелі өткізілді.

Жас ұрпақты тәрбиелеу ұлттық  мүдде болып қалыптасқан  күрделі мәселе. Бүгінде жасөспірімдерді зорлық зомбылық пен барлығы мүмкін деген агрессивті  насихаттаудан сақтандырып,оларға қоғамда дұрыс өмір сүруді, достық әлеуметтік ортаны жобалауды үйрету. Бір жағынан жас адамды жеке тұлғаны анықтау тәжірибесіне енгізіп, жеке көзқарасы мен позициясын қалыптастыру. 

Кездесуге оқушыларды қызықтыратын барлық сұрақтарға нақты да сауатты жауап беру үшін ҚР ішкі істер Министрлігінің өкілдері, Қостанай облыстық ішкі істер Департаментінің өкілдері, Рудный қаласы ішкі істер Басқармасының полиция лейтенанттары  Кристина Владимировна және  Накишев Дамир Жаппасовичтар  шақырылған болатын:

– ауыр қылмысы үшін жауапкершілікке қай жастан бастап тартылады?

– кәмелет жасына толмағандар қай уақытқа дейін көшеде жүре алады?

– жасөспірімге өмір бойы  жазасын өтеу берілу мүмкін бе?

-кәмелет жасына толмағандар көбіне қандай қылмыстарға барады?

-ұсақ және өзге де қылмыс бұзушыларға қандай айыппұлдар  қаралған?  және т.б..

Бейнероликтер, «еркіндік», «құқық», «міндет» деген сияқты сөздерге мәлімет беретін құжатты фильмдерден үзінділер  көрсетіліп, құқытық ағартушылық әдебиеттері қойылған ақпараттық-тақырыптық сөре  ұсынылды.

Іс-шара соңында  дөңгелек үстелдің қонақтары мен жүргізуші  жоғары сынып оқушыларына  өз  әрекеттері үшін жауап беріп, қоғамдағы тәртіп ережелерін сақтауға, өз құқытары мен міндеттерін біуге шақырды.

 

Іс-шараға барлығы 23 адам қатысты.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика