Пушкин кеші

Қашар кентіндегі №11 кітапхана филиалында жоғары сынып оқушыларына, оқытушыларға  ақын шығармашылығын құрметтейтіндерге  арналып 6 қараша  күні  орыстың ұлы ақынының 220 жылдығына  арналып  «Сәлем классика!» циклімен  «Барлық өмірің –  бір ғажайып сәт…» атты – Пушкин  кеші  өткізілді.

Орыстың ұлы ақыны  А.С.Пушкиннің  әдеби шығармашылығы  біздің өмірімізде  үлкен орын алып, барлық жастағы  оқырмандарды біріктіре отырып, әлемнің ондаған тілдеріне аударылған. Пушкин бізге бала күнімізден  келіп, өміріміздің  соңғы күндеріне дейін бізбен бірге болады. Оның керемет туындыларын білмейтін және сүйіп оқымайтын адам  кемде кем. Оның даналыққа толы ертегілері халқымыздың тамаша бейнесі мен бай тілі  арқылы  қайырымдылықты, сүйіспеншілік пен адалдықты үйретеді. Ұлы ақынның  өлеңдері мен прозалары – жанды сұлулық. Оның поэзиясы – оның өмірінің поэзиясы. Оны барлығы оқыды және оқитын болады. «Пушкин – өз өлеңдерімен  оңәсерін тигізетін  табиғат. Сондықтан да оның  шындығы, ақиқаты, әдемілігі, тереңдігі мен дабылы  автоматты түрде  үйлеседі» (А.Платонов).Пушкин – бұл  орыс әдебиеті тарихының  тұтас дәуірі  және оның бастауы.

А.С. Пушкин бұл кеште мәңгі өлмейтін ақын және жазушы  ретінде танылды. Ның шығармашылығы және өмірінің  негізгі сәттері жайында көп айтылды,ақындық өлең жолдарын  кітапхана белсенділері оқып берді, сонымен қатар мультимедиялы таныстырылымда   белгілі актерлер  көрсетілді  («Ночь»,  «Коварность», «Я помню чудное мгновенье»,  «Я вас любил», «Буря», «Приметы» және басқалар). Шағын театрализация  сәттері  көрсетілді («Письмо Татьяны»), өлең оқығандар Пушкин дәуіріндегі киімдерді киді, бейнесюжеттер  көрсетілді: «Болдинская осень», «На холмах Грузии», «Медный всадник», Владимир Качанның «Пушкин» өлеңіне түсірілген бейнебаян,  «Пушкин» көркем филімінен  үзінділер тамашаланды.

Кеш соңында Ресейдің  қызмет сіңірген  мұғалімі, белгілі ақын Анна Альферованың  «Я к Пушкину иду» өлеңі тыңдалды.

Иллюстриативті  инсталляцияда  Пушкиннің және оның жақын достарының портреті назарға ұсынылып, ал шығармалары қатысушылардың әрбірінің столында жатты.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика