Ұрпақтар кездесуі «Ауғанстан жалынына күйген жандар»

29 қаңтар Орталық қалалық кітапханада  Рудный  политехникалық  колледжінің студенттері үшін   «Ауғанстан жалынына күйген жандар» атты ұрпақтар кездесуі өтті.

«Ауғанстан»  соғысы барған сайын тарихқа еніп бара жатыр. Біз міне әскерлерді Ауғанстаннан  шығарылғанының 30 жылдық мерейтойын тойлаудамыз. Сондықтан да  соғыс қатысушыларымен  өскелең ұрпақтың кездесуі маңызды  –  жас ұрпақ  соғыс жайында  алыстан  құлағдар болып отырғандардан емес, дәл соғысқа қатысқан жандардың өз ауыздарынан  білуі керек.

Іс шараға шақырылған «ауған» әскерлері: Бурцев Пётр Николаевич, Ступник Владимир Викторович, Войтенко  Владимир Георгиевичтердің  айтқан әңгімелері ешкімді де бей жай қалдырған жоқ.

Жасөспірімдер  ауған әскерлерінің ауғанстанға кіргізілу себептері жайында, Ауған үкіметі әскерлері мен кеңес үкіметінің әскерлерінің бірігіп жасаған әскери әрекеттері жайында, кеңес әскерлерінің ерлігі туралы, қиын жағдайларда  кеңес әскерлеріне жергілікті тұрғындардан көрсетілген көмек туралы  тыңдады.

Азаматтық  борышын өтеу кезінде  ерлікпен қаза тапқан Рудныйлықтардың өмірі мен ерлігіне   басты  назар  аударылды: Сергей Болотников, Олег Горгуленко, Александр Мельников, Сергей Подоскин және  Анатолий  Цепко.

Кездесуде ауған әскерлеріне арналған әндер мен  өлеңдер  тыңдалды. Қонақтар үшін музыкалық  сый Орынборлық  өкіл Бурлаченко Григорийдің орындауында болды.

Тақырыптық ақпараттық – құжаттық  көрме безендірілді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика