Шығармашылық кеш

Рудный қаласының Орталық қалалық кітапханасында ақын Владимир Иннокентьевич Сизёв шығармашылығына арналған әсерлі шығармашылық кеш өтті. Кештің ерекше мәні – ақынның өзі қатысып, өз өлеңдерін оқыды.
Кеш барысында қатысушылар ақынның жырларын тыңдап, оларды кітапхана қызметкерлері мен басқа да қонақтар орындады. Әндер шырқалып, ерекше рухани атмосфера орнады.
Іс-шараға Рудный қаласының көптеген ақындары мен поэзия сүйер қауым жиналып, кештің мазмұнын байытып, оны есте қаларлықтай етті.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика