2018 жыл 18 қазан күні пайдаланушылардың ақпараттық – библиографиялық мәдениетін арттыру, библиографиялық құралдармен және танымал әдеби шығармалармсен танысу мақсатында Орталық қалалық кітапханада библиография күні өтті.
Бұл күні екі іс-шара болып өтті: кітапханалық сабақ «Әлем құпияларды ашады, немесе іздестіруді библиограф жүргізеді» және библиографиялық шолу «Кітап оқудың пайдасы туралы».
Оқушылардың ақпараттық – библиографиялық сауаттылығын арттыру кез келген кітапхананың приоритетті мақсаты болып табылады. Сондықтан да біліктілік пен кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары үшін «Әлем құпияларды ашады, немесе іздестіруді библиограф жүргізеді» кітапхана сабағы өткізілді. Жаңадан келген кітапханашылар үшін каталогтармен, картотекалармен және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу тренингі пайдалы түрде жүзеге асты.
«Кітап оқудың пайдасы туралы» библиографиялық шолуға жастар – РСГК студенттері қатысты. Бұл іс-шара мақсаты – жастарды кітапқа және оқуға тарту, отандық мәдениетті дамыту және сақтау. Балалар оқудың қандай жақсы жақтары бар екенін, оқуға әдеттенуге бейімделу жолдару туралы білді. Одан өзге, түрлі жанрдағы кітаптармен танысты, соның ішінде жастар арасында көбірек танымал. Бұл кітаптардың кейбіреуінің желісімен фильмдер түсірілген, олар осы фильмдерден үзінділер тамашалады.Іс-шара соңында барлық қатысушылар анкета сұрақтарына жауап бере отырып, өздерінің қандай оқырман екендіктері жайында мәлімет алды.
Күні бойы кітапхана пайдаланушылары үшін ОҚК әдістемелік – библиографиялық бөлімі шығарған «Ғажайып, мәселелі және даулы» әдебиеттер нұсқаушысымен таныстыру, сонымен қатар каталогтармен және картотекалармен жұмыс бойынша кеңестер ұсынылды.
Абонементте «Кітаппен жұмыс істеудің тиімді тәсілдері» көрмесі қойылды.