2021 жылғы тамыз мерейгерлері

27 тамыз

Кейдия Валентина Евдокимовна

туғанына 70 жыл

 

Валентина Евдокимовна Кейдия 1951 жылғы 27 тамызда Челябі облысының Бреды кентінде дүниеге келді. Уақыт өте келе отбасы Рудныйға көшіп келді. Алғашқы әдеби қабілетті мектеп кезінен байқала бастады: жылнама журналын жүргізді, өлеңмен шығармалар жазды.

11 жасында Валентина анасынан айрылды және үлкен әпкесіне Троицк қаласына көшіп барды. Содан соң оның отбасымен бірге су электр станциясын салу үшін Абхазияға кетті, онда ол шахтаның көтеру машинисті болып жұмысқа  тұрды, кейін Тәжікістанда геологиялық барлау партиясында, Самарқанд маңындағы шахтада жұмыс істеді.

1976 жылы Валентина Евдокимовна Рудныйға оралды.  Жер асты кенішінде Жерасты кенішінде жұмыс істеді, қызын өсірді, өлең жазды. Көп ұзамай оның өлеңдері қалалық және облыстық газеттерде жариялана бастады. Ақын ретінде ол әртүрлі комсомол және партия конференцияларында жиі сөз сөйледі.

1996 жылы Валентина Кейдия облыстық «Ковчег» әдеби бірлестігіне кірді. Оның өлеңдері, очерктері, эсселері республикалық «Нива» журналында, «Берега» облыстық басылымында, «Рудненский рабочий» және «Магнетит» газеттерінде жарияланды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай ол Л. Толстой атындағы облыстық кітапхана жариялаған байқауда, өзінің өлеңін оқыған – майдангермен сұхбат бейнеролигі үшін екінші орын алды. Композитор және музыкант Владимир Лущ оның өлеңдеріне бірнеше әндер жазды.

Қазір Валентина Евдокимовна Кейдия «Солтүстік Қазақстан әдебиетшілерінің ассоциациясына», сонымен қатар – «Рудненская лира» және «Рудненский меридиан» әдеби бірлестіктеріне кіреді. Ол қала тұрғындарымен, ардагерлермен, Рудный қаласының мектеп және колледждерінің оқушыларымен шығармашылық кездесулердің белсенді қатысушысы болып табылады.

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика