Мемлекеттік тілдегі кітапханада 14 – ші ақпан күні Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған
” Ауғанның отты жалыны” атты еске алу кеші, Ауған соғысының ардагерлері Амантаев Тойлыбай Зұлқарнайұлы, Тілеубаев Төленді Уразалинұлы және М.Дулатов атындағы №15 мектептің 9 – сынып оқушылары қатысуымен өтті.Шарада Ардагерлер өздерінің басынан өткен оқиғаларын әңгімелеп берді.Оқушылар ардагерлерімізге арнау өлеңдерін оқып, сұрақтар қойылып белсенділік танытты.Кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасап, видеолар,слайдтар көрсетті.