Белан оқулары

8  қарашада  ҚазССР  халық ағарту ісінің үздігі, педагогика еңбегінің ардагері, жазушы – өлкетанушы,көптеген кітаптардың,өлеңдердің  авторы, біздің жерлесіміз    Ивана Михайлович Беланның туған күні, Қашар кентіндегі  № 11 кітапхана филиалында Белан оқулары өткізілді.

 

Иван Михайлович Белан –  біздің кентіміздің тарихындағы белгілі тұлға, қостанайлықтардың бір атақтысы, біздің өлкеміздің айқын бейнесі.

Кездесуде жазушының баршаға үлгі  боларлық өмірі мен шығармашылығындағы негізгі белестері айқын көрсетілді,өйткені Иван Михайловичтің өмірінің басты мәні педагогика болды. Жарты ғасырдан астам педагогика саласына  еңбек сіңіріп, оның көп  бөлшегін   Первомайка және  Қашар кентінде  мектеп  директоры лауазымын атқарды.

И. М. Беланның кітаптары  өмірді,білімді,адамгершілік – рухани құндылықтарды, еркіндік  сапасының  дамуын  үйретеді.  Автор көптеген  адамдардың тағдыры жайлы, ата-анасы,отбасы,бала тәрбиесінің сырлары, олардың еңбекке  ұмтылысын жазып, өзі мұғалімдік  қызметін  арнаған мектеп  бітірушілерінің  әрі қарай өмір жолдарын бақылады.

Жазушы өз отанына  сүйіспеншілікпен,үлкен жауапкершілікпен қарады. Беланның отан туралы толғаныстары адамдар өмірімен тығыз байланысты: адамдар тарихты құрады, дәстүрді сақтап келесі ұрпаққа қалдырады. Ол өзін өлкетанушы,тарих жылнамашысы  ретінде танытып, отанына  өз кітаптарын арнады.

И.М. Беланныңкөптеген өлең жолдары тыңдалып, ол жайында әсерлі  естеліктер мен жүрекке жылы сөздер айтылды.

Иван Михайловичтің жеке кітапханасынан алынған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Кітаптар жазушының қызы тарапынан  кітапханаға  сыйға  берілген еді, мұны олардағы  естелік  жазулар айғақтайды.

 

Іс-шара мультимедиялы тұсаукесермен  сүйемелденді.

Кездесуге Иван Михайлович Беланның шығармашылығы мен  дарынын  бағалайтын жандар,кент ұжымдарының  жетекшілері,педагогтар,оқушылар, туғандары мен жақындары   қатысты (63 адам).

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика