Кітап сыйлау акциясы

«Кітап арқылы қайырымдылық пен жарыққа! – Через книгук добру и свету»  – оқырмандық кітап сыйлау акциясы Қашар кентіндегі  «Рудныйдың ОКЖ» ММ  №11 кітапхана филиалында 14 ақпан күні  сағ.11.00 өткізілді.

Халықаралық кітап сыйлау күні  – күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі. Ол  кітап сүйер қауымды біріктіріп қана қоймай, оқырмандарға кітап оқу мүмкіндігін  ұсынады.

    №11 кітапхана филиалы  осымен екінші жылы  Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған акцияны ұйымдастырып отыр.

Оның мақсаты қарапайым да қайырлы:  оқырмандарға жақсы кітаптарын кітапханаға  сыйлауға,  өзге адамдардың да осындай керемет қадам жасауына жол ашады.

Бұл күні кітапхананың белсенді оқырмандары шақырылып, олар құр қол келмей  өздерінің  сүйікті кітаптарын кітапханаға сыйлық ретінде ала келді. Кездесу кезінде кітапханашылар қатысушыларға осындай тақырыптық күннің тарихы жайында әңгімелеп беріп, оқырмандар өздерінің алып келген кітаптарын  өзара бөлісіп, бос уақыттарын көңілді өткізді. Сыйланған кітаптардың арасында – орыс және шетел шығармаларының классикалары, заманауи детективтер, мемуарлар, ақындық жинақтар және т.б..

Кітапханада  он жылдам астам «Оқырмандық инициатива» буккросингі өткізіледі. Оқырмандар өз кітаптарын алып келіп басқа оқырмандардың оқуы үшін  кітапханаға қалдырып кетіп отырады. Бүгінгі күні қор жоғары сұранысқа ие әртүрлі жанрдағы  480 кітапқа  есептелген: детективтер, фантастика, шым-шытырық оқиғалар,әйелдер романдары және т.б.. Кітап сыйлау күнінде бұл кітаптардың қоры толыға түсті!

Кітапхана ұжымы мен белсенді оқырмандар  сыйланған кітаптар кітапхана сөрелерін толтырып қана қоймай өз оқырманына  жол табатынына сенімді. Барлығы 14 адам қатысты.

 

Кітап сылау күні  «Сүйіспеншілікпен кітап сыйла» Орталық балалар кітапханасында    2018 жылдың 14 қаңтарымен 13 ақпан аралығында өткізілді.

Оқырмандар кітапханаға кітаптарды шын көңілдерімен табыс етіп отырды.

Тапсырылған кітаптар саны бойынша акция көшбасшысы  Суриндер  отбасы болды.

Барлығы 29 қызықты кітаптар табыс етілді. Әрбір кітап өз оқырманын табатынына біз сенімдіміз!

Leave a Reply

Яндекс.Метрика