Шок – сабақ «Көп білсең – аз тәуекел»

3  сәуір күні Орталық қалалық кітапханада     РПТК  студенттеріне арналған      шок – сабақ   «Көп білсең – аз тәуекел»  Бүкіл әлемдік денсаулық күніне арналып өткізілді.   Іс-шара  жүргізушісі  –  Кремер Ирина Михайловна балаларды  жастар арасындағы  нашақорлық пен шылым шегудің  актуалды мәселелерімен  таныстырды.Аталған іс-шара мақсаты  салауатты  өмір салтын насихаттау, өмір белсенділігін  қалыптастыру.

     Іс-шара   «Денсаулық» сөзінің  мағынсын талқылады, балалар  өздерінің  денсаулық жайлы түсініктерін ортаға сала отырып, адам өмірінің басты  қазынасы  және құндылығы  денсаулық  деген тоқтамға  келді.

Іс-шара  өткізілген  барлық  уақытта  электронды таныстырылымдар  көрсетіліп  және   «Электронды және табакты  шылымдар»,   «Шылымның зияны»,  «Электронды шылым жарылған кездегі  зияны»  құжатты  фильмдерінен  бейнеүзіктер  тамашаланды.

«Спайс-наркотик», «Наркотик  өнімдерін пайдаланудың  адам шошырлық зияндары» және т.б..

Іс-шара қызықты өтті. Балалар тарапынан  дені сау адамның  «тәуелділікке»  айналу  әрекеттері  сөз болды.

Өткізілген іс-шарадан  мынадай  қорытынды  жасалды:   заманауи  күрделі де қауіпті  қоғамда  дені сау болып қалу үшін  әр адамның  өзінің  күш жігері  болуы тиіс.

Іс-шараға   тереңірек  оқып білу үшін  материалдр  ұсынылған  «Неге бұл қауіпті?»  кітап көрмесі  безендірілді.

Іс-шараның әрбір қатысушысына  шылым шегу мен  нашақорлықтың   алдын алу  бойынша  буклеттер  табыстылды. Іс-шара   соңында  студенттер мен  мұғалімдер  қызықты да маңызды сабақ үшін жүргізушіге алғыс білдіріп, 7 сәуір күні  РПТК  акт залында  қайта өткізілетінін айтты.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика